Бүгін Азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Олжас Найзабеков студенттерге Азаматтық қорғаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дәріс өткізді.

Бұл дәріс «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілетін ақпараттық-насихаттау іс-шаралары аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында азаматтық қорғаныс жүйесінің маңыздылығы, төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері талқыланды. Сонымен қатар табиғи және техногендік апаттар кезінде өзін-өзі ұстау дағдылары, эвакуациялау тәртібі, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері, азаматтық қорғаныс саласындағы заманауи талаптар мен нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат берілді.

Студенттер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету және азаматтық қорғаныс жүйесінің қоғамдағы рөлі туралы құнды мәліметтер алды.