Бүгін Университетімізде «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Шараның ашылуында ректордың міндетін атқарушы Еркін Шажаұлы Дүсіпов QyzPU-дың нәзікжанды қауымын мерекемен құттықтап, өз ісіне адалдығы, кәсіби шеберлігі, сондай-ақ өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен рухани дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, әндер мен билер орындалып, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Бұл іс-шара әйелдер қауымының қоғамдағы маңызды рөлін айқындап, олардың еңбегі мен адами қасиеттерін жоғары бағалауға зор ықпал етті.