Бүгін Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Jas Gala - 2025» студенттік көктем фестивалінің университетішілік іріктеу кезеңі өтті.

Шараның басты мақсаты – талантты жастарды қолдау, олардың кәсіби дамуына жол ашу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамды қалыптастыру, сондай-ақ университеттік дәстүрлерді нығайту және студенттерді шығармашылық арқылы біріктіру.

Іс-шараға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып, вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр өнері сияқты түрлі бағыттар бойынша іріктеуден өтті.

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрайды. «Jas Gala - 2025» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етіп, Алматы қаласының студенттері үшін ерекше әрі маңызды оқиға болмақ. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!