АЛМАТЫ. 12 сәуір. Баспасөз орталығы – ҰБТ-ға бала психологиясын қалай дайындау керек? Сынақ кезінде не істеу қажет? Осы және өзге де сауалдарға жан-жақты жауап беру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде арнайы жиын өтті.

Биылғы мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары және білім беру ұйымдарының педагогтары қатысқан басқосуда мамандық таңдаудың психологиялық ерекшеліктері де айтылды.

«Кәсіби бағдар және ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша оқушылар мен ата-аналарды ақпараттандыру» тақырыбында өткен жиынды университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова ашып, оқушылар мен ата-аналарға оқу орны туралы толыққанды мәлімет берді. Сонымен қатар ол университетті таңдаудағы 7 басым бағыт жайында да тілге тиек етті.

Ал  «Жан шуағы» психологиялық орталығының психологы Күлмаш Елшібаева 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық барысындағы психологиялық тренинг пен арнайы жаттығуларды үйретті.

Өз кезегінде мектеп ұжымдары мен ата-аналар шара ұйымдастырушылары мен университет қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниеттерін жеткізді.

«Кәсіби бағдарлау бойынша және оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау» атты вебинар кестесін мына жерден жүктей аласыз.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com