Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Алатау дәстүрлі өнер театры» залында өткен «Super liga» 1/4 финалдық ойындарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің атынан өнер көрсеткен «Көршінің Қызы» жайдарман тобы І орынды жеңіп алып, 1/2 финалдық кезеңге жолдама алды.

Аталған команда Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Хореография және арт-менеджмент кафедрасының «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерден құралған.

Команданың жұлдызды сәлемдесуінде Қазақстанға танымал актер әрі режиссер Ерболат Әлқожа арнайы қатысып, ерекше өнерімен көрермендерді тәнті етті.

Бұл жеңіс — Қыздар университеті студенттерінің жоғары шығармашылық әлеуеті мен ұжымдық үйлесімді жұмысының айқын дәлелі.

QyzPU атын асқақтатып жүрген «Көршінің Қызы» командасын кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!