Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқуға құжат қабылдау жалғасып жатыр.

  • Бакалавриаттың – 44 білім беру бағдарламасы
  • Магистратураның – 31 бағдарламасы
  • Докторантураның – 12 бағдарламасы
  • Колледждің – 2 бағдарламасы

 Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.

Қабылдау жұмыстарын университеттің 5 институты бойынша 24 техникалық хатшы және 14 студент-кеңесші атқарып жатыр. Олар талапкерлерге құжаттарды дұрыс жинау бойынша көмек көрсетеді.

Қабылдау электрондық кезек арқылы жүргізіледі, талапкерлер мен ата-аналар үшін күту орындары қарастырылған.

 Ескерту: Қабылдау комиссиясының барлық қызметі тегін көрсетіледі. Гранттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурстық комиссиясы арқылы бөлінеді. Кез келген ақылы көмекті ұсыну әрекеті алаяқтық деп саналады.