Құрметті 1 курс студенттері!

Сіздер 26 тамыздан бастап телефон нөміріңізге келген логин мен құпиясөз арқылы онлайн өтінім бере аласыздар.

Өтінім сәтті берілген соң, келесі 3 күн ішінде жатақханаға келіп, орналасуыңызды рәсімдеңіз.

Орналасу кезінде қажетті құжаттар:
* Жеке куәлік көшірмесі – 2 дана
• 3×4 сурет – 4 дана
• Көк файл – 10 беттік

Өтінім беру мен құжаттарды толық жинау – жатақханаға орналасудың басты шарты. 

Уақтылы әрекет етіп, өз орныңызды қамтамасыз етіңіз!