24 қыркүйек күні QyzPU-да дәстүрлі Тілдер апталығы бастады. Биылғы іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналады.

Апталықтың басты мақсаты – студенттердің көптілділік қабілеттерін дамыту, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайту және Абай шығармашылығын әлемдік деңгейде дәріптеу. Осы орайда студенттер әртүрлі тілдерде шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұлттық және жаһандық мәдени құндылықтарды ұштастырады.

Іс-шара ұйымдастырушылары – QyzPU Филология институты мен Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы.

Ашылу салтанатына университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, сондай-ақ Түркия Республикасы Бас консулдығының білім беру мәселелері жөніндегі атташесі Айхан Қорқмаз және құрметті қонақтар қатысты.