Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттердің тілдік қабілеттерін дамытуға бағытталған “Speaking Club” тегін курсын іске қосты.

Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру және заманауи тілдік ортада сенімді қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.

Курс аясында қатысушылар өзекті тақырыптарда пікір алмасып, топтық ойындар мен талқылауларға қатысады, рөлдік жаттығулар орындап, достық әрі еркін атмосферада тілдік тәжірибесін жетілдіреді.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV-мақсат – «Сапалы білім» бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр. Жоба студенттердің білім сапасын арттыруға, тілдік құзыреттілігін дамытуға, кәсіби және тұлғалық өсуіне қолдау көрсетуді көздейді.

“Speaking Club” әр жұма күні сағат 10:00–11:00 аралығында, Business Hub-та өтіп, 17 қазанға дейін жалғасады.

Оқытушылар:

  • Amy Muñoz-Urao – тіл тәлімгері (Филиппин).
  • Jenena Flores – тіл тәлімгері (Филиппин).
  • Charlie Mae Manaligod – тіл тәлімгері (Филиппин).