Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, PhD, қауымдастырылған профессор Даркенбаев Даурен Қадырұлының «Үлкен көлемді деректерді өңдеу әдістері» ғылыми семинары өтті.

Семинардың мақсаты – үлкен көлемді деректерді өңдеудің негізгі әдістері мен технологияларын талқылау, олардың ғылыми және практикалық маңызын көрсету, сондай-ақ деректерді тиімді басқару мен талдау бағытында қатысушылардың білімін арттыру.

Семинар барысында Big Data технологияларының заманауи даму үрдістері, деректерді сақтау, өңдеу және талдаудың тиімді әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, таратылған есептеу жүйелері мен машиналық оқыту тәсілдерінің қолданылу ерекшеліктеріне назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында өзекті сұрақтар қойып, деректерді басқарудың практикалық тұстары бойынша пікір алмасты.