Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үстел теннисінен кезекті Студенттік лига жарысы ұйымдастырылды.
Сайыстың басты мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі спорт түрін кеңінен дәріптеу және университеттер арасындағы спорттық байланысты нығайту.
Турнирдің Алматы дивизионында 16 қыздар командасы бақ сынап, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, КБТУ, Қ. Сәтбаев атындағы КазНИТУ және КазГАСА спортшылары жоғары шеберлік танытып, ақтық мәреге жолдама алды.
Жарыс соңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табыстады.
