Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны – ерлік дастаны» атты мерекелік іс-шара өтті.

                                            

Салтанатты жиынның басты мақсаты – ер азаматтардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, сондай-ақ ұжым арасында патриоттық рухты нығайту.

                                          

Университет ректорының құттықтау сөзін Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлығанқөызы жеткізіп, бұл мерекенің ел тәуелсіздігін қорғаудағы ер азаматтардың еңбегі мен ерлігін ұлықтайтын ерекше күн екенін атап өтті.

                                         

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, онда студенттер мен институт қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Шара аясында Педагогика және психология институты дайындаған жасанды интеллект негізіндегі арнайы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

                                         

Кештің маңызды бөлігі саналған марапаттау рәсімінде университеттің 30 қызметкері кәсіби еңбегі мен белсенділігі үшін түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

                                       

Мерекелік бағдарлама патриоттық әндермен, заманауи билермен және КВН ойындарымен қорытындыланып, ұжымның бірлігін арттыруға зор ықпал етті.