Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті делегациясы академиялық мәселелер жөніндегі проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлының жетекшілігімен қатысуда.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейде таныстыру, шетелдік талапкерлерге отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін насихаттау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

                                           

Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басын қосты.

                                            

Көрме аясында университет өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарына оқу бағдарламалары, білім гранттары, академиялық ұтқырлық, студенттік өмір және халықаралық жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат беруде. Сонымен қатар, университеттің ғылыми-білім беру әлеуеті мен халықаралық серіктестік бағыттары таныстырылуда.

«Study in Kazakhstan» көрмесі екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттыруға бағытталған.