Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белсенді түлектерге арналған «Gold Times 2026» салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – университеттің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға атсалысқан көшбасшы жастарды құрметтеу және олардың еңбегін қорытындылау.

Салтанатты жиынға экс-студенттік ректорат мүшелері, түрлі ұйымдар мен студенттік кеңестердің төрағалық қызметін атқарған бітіруші түлектер қатысты.

Кеш барысында университеттің имиджін нығайту жолында қажырлы еңбек еткен жастар арнайы марапатталып, олардың студенттік жылдардағы жетістіктері мен атқарған жобаларына арналған фотошежіре және бейнематериалдар ұсынылды.

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама мен шығармашылық қойылымдармен ұласқан кеште түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін университет басшылығы тарапынан жоғары баға алды.





