Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығында студенттерге арналған «Тұлға қалыптастыру: ойлау жүйесі мен табыс мәдениеті» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту, оларды қаржылық еркіндікке бастайтын табыс мәдениетімен таныстыру және заманауи нарықта бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға ынталандыру.
Жиын спикері – белгілі кәсіпкер, «GMG Management» компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, халықаралық ICU коучы Гульжан Сабыкенова табысқа жету жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында спикер адамның жетістігі ең алдымен оның ішкі ұстанымы мен бизнестік ойлау жүйесіне тікелей байланысты екеніне тоқталды. Қатысушылар сонымен қатар, онлайн білім беру платформаларын пайдаланудың маңыздылығы мен мансаптық өсу тетіктері кеңінен талқыланды.
Ашық диалог форматында өткен жиын студенттер үшін тәжірибе алмасу алаңына айналып, олардың көшбасшылық әлеуетін жүзеге асыруға үлкен септігін тигізді.
