Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында өткен университетаралық дебат турниріне қатысып, жүлделі II орын иеленді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ұйымдастырған пікірсайыс алаңында Narxoz University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Академиясы студенттері өзара ой бөлісіп, пікір таластырды.
Дебаттық жарыс нәтижесінде:
- I орын – Narxoz University
- II орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- III орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Академиясына берілді.
Аталған байқауда QyzPU атынан Химия білім беру бағдарламасының студенті Сапархан Қарахат пен Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының студенті Нүкен Бөпенай қатысып, университет намысын абыроймен қорғады.
Аталған байқауда QyzPU атынан сынға түскен Химия білім беру бағдарламасының студенті Сапархан Қарахат және Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының студенті Нүкен Бөпенай табысты нәтижелер көрсетті.
