АЛМАТЫ. 1 мамыр. Баспасөз орталығы – Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Мереке Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген.

Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com