Кәсіби тәжірибе және мансап бөлімінің ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында «Ұстаздықтан – кәсіпкерлікке: арманнан мақсатқа» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу қонағы – «Икигай» жеке меншік мектебінің негізін қалаушы, педагог-ментор, «Алматы қаласының жыл мұғалімі» атағының иегері Әбдіхалықов Елдар Ерікұлы.

Жүздесуде Елдар Ерікұлы ұстаздық жолындағы маңызды тәжірибелерімен бөлісіп, білім саласына қатысты құнды ойларын айтты. Сонымен қатар, болашақ педагог бойында болуы тиіс қасиеттерге тоқталып, арманды мақсатқа айналдыру жолындағы жетістіктерінің пайдалы қырларын атап өтті. Іс-шара барысында білім алушылардың кәсіби дамуы, еңбек нарығына бейімделуі және мансап жолындағы мүмкіндіктер жайлы әңгіме өрбіді.

Кездесу соңында ашық микрофон форматында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, білім алушылар сұрақтарын қойып, тиімді жауап алды.