Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Күміс университет» әлеуметтік жобасы аясындағы оқу сабақтары жоспарлы түрде жалғасуда

Оқу бағдарламасына сәйкес қатысушылар ұлттық өнер мен заманауи трендтерді қатар меңгерді. Практикалық сабақ барысында тыңдаушылар домбыра тарту шеберлігін шыңдап, қазақтың күй өнерінің негіздерімен танысты.

Сонымен қатар қатысушыларға жасанды интеллектінің (AI) мүмкіндіктері, оның күнделікті өмірдегі тиімді тұстары мен қолдану аясы туралы теориялық және практикалық мәліметтер берілді.

Мұндай кешенді шаралараға буынның заман талабына сай жаңа білімді игеруіне, интеллектуалды және рухани тұрғыдан үздіксіз дамуына тиімді алаң қалыптастырады.