Біліктілікті арттыру орталығы университет түлектеріне қолдау көрсету және олардың кәсіби құзыреттілігін заман талабына сай дамыту мақсатында «Білім берудегі жасанды интеллект: негіздері мен практикалық қолданылуы» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – жас мамандарды оқу үдерісін цифрландырудың заманауи трендтерімен таныстыру және педагогикалық қызметте озық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Семинардың спикері, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың өзекті бағыттары бойынша мазмұнды дәріс оқыды. Спикер қатысушыларға цифрлық құралдардың практикалық мүмкіндіктерін көрсетіп, сабақты жоспарлау мен бағалауды оңтайландырудың тиімді тетіктерін ұсынды.

Басқосу барысында қатысушылар өзара кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды мектеп бағдарламасына кіріктіру төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық қызметке қажетті маңызды әдістемелік ақпараттарды меңгеріп шықты.