Тәжікстан Республикасының Данғара қаласында үстел теннисінен Тәжікстан Республикасы Президентінің Ашық Кубогында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, Қыздар университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Торшаева Гузель командалық есепте жүлделі І орынды иеленді.

Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан өңірлерінен келген 23 команда қатысқан халықаралық додада Қазақстан ұлттық құрамасы ел намысын жоғары деңгейде қорғап шықты.