Халықаралық ынтымақтастық аясында Үндістанның КИИТ университетінің профессоры Прамод Кумар (Mr. Pramod Kumar) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Компьютерлік электроника инженериясы» курсы бойынша дәрістер мен семинарлар топтамасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыру, цифрлық байланыс пен жасанды интеллект саласындағы заманауи трендтерді меңгерту.
Академиялық шараға университеттің физика, информатика және математика бағыттарындағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының білім алушылары қатысты.
Шетелдік ғалым өз сабақтарында жасанды нейрондық желілер (ANN) негізінде өнімділікті талдау және заманауи GFDM (Generalized Frequency Division Multiplexing) жүйелеріндегі модуляциялау мен симуляциялау әдістері секілді өзекті тақырыптарды тарқатты.
Курс барысында телекоммуникациялық жүйелерде жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану мен байланыс модельдерін заманауи бағытта симуляциялаудың практикалық ерекшеліктеріне басымдық берілді.
Дәрістер соңында қатысушылар шетелдік профессорға алғыс білдіріп, алған теориялық және практикалық білімдерін болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданатындықтарын атап өтті.
