Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және білім ордасының ғылыми қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін Үндістанның КИИТ университетінің профессор д-р Шарма Радж Кумар ректордың Алғыс хатымен марапатталды.
Профессор ағымдағы жылдың 27 сәуірі мен 27 мамыры аралығында университетте шақырылған ғалым ретінде қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде ол бірқатар дәрістер оқып, ғылыми семинарлар өткізді және студенттермен, магистранттармен, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен кәсіби тәжірибесін бөлісті.
Аппараттық отырыс барысында университет басшылығы мен ұжымның қатысуымен өткен салтанатты шарада университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова профессорға ерекше алғысын білдіріп:
«Қазіргі таңда Қыздар университеті халықаралық академиялық интеграцияны тереңдетуге үлкен басымдық беріп отыр. Осы орайда профессор д-р Шарма Радж Кумардың білім беру және мәдени бастамаларды жүзеге асыруға, мәдениетаралық алмасуды дамытуға қосқан үлесі өте зор. Ғалымның жоғары кәсібилігі мен сарапшылық біліктілігі біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз үшін жаңа ғылыми көжіктерге жол ашты. Білім ордасының халықаралық имиджін арттыруға бағытталған осындай нәтижелі серіктестік үшін профессорға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті.
Бұл марапат профессордың университеттің халықаралық академиялық ортасын дамытуға қосқан маңызды үлесі мен екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі болды.
