ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен Республикалық студенттік спорт лигасы аясында қазақ күресінен жарыстар өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік студент-спортшылар бақ сынаған бозкілемде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушысы жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетті.

Атап айтқанда, университеттің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3-курс студенті Қызайбай Айханым 55 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Спортшыны жарысқа Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Нурлан Усбанов баптап шығарды.