«Мектеп – университет – нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» халықаралық фестивалі аясында QyzPU мен Б. Т. Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға (MOU) қол қойылды.

                                       

Салтанатты шараға университет тарапынан Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова бастаған білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысса, қырғыз тарапынан келісімді академия проректоры Турсунай Ибрагимова бекітті.

                                      

Ресми рәсімнен кейін тараптар білім беру және спорт саласындағы серіктестікті іс жүзінде ілгерілету шараларын пысықтады. Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми-спорттық жобаларды қолға алу, сондай-ақ заманауи дене шынықтыру әдістемелері бойынша оқу құралдарымен және тәжірибемен алмасу басты назарға алынды.

                                      

Бұл қадам бірлескен конференциялар ұйымдастырумен қатар, екі ел арасындағы кәсіби байланысты жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.