«Мектеп – университет – нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» халықаралық фестивалі аясында QyzPU мен Латвия Республикасының жетекші жоғары оқу орны – Riga Nordic University арасында қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісім бекітілді.

                                      

Рәсімге екі оқу орнының басшылары – QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен Riga Nordic University ректоры Роман Дьякон, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.

                                     

Екіжақты байланыстың алғашқы стратегиялық векторы өткен жылдың желтоқсан айында, университет қабырғасында халықаралық сарапшылардың, оның ішінде Рижский Северный университеті (RNU) өкілдерінің қатысуымен өткен Академиялық комитеттің кеңейтілген отырысында айқындалған болатын. Сол жиында заманауи педагог мәртебесі мен білім беруге жасанды интеллект технологияларын (ChatGPT, Canva Magic Design, Claude) жүйелі интеграциялау мәселесі басты назарға алынған еді.

                                       

Бүгінгі бекітілген қос дипломды бағдарлама туралы келісім осы бағыттағы жұмыстарды іс жүзінде асыруға жол ашады. Жаңа серіктестік студенттердің қос оқу орнында қатар білім алып, халықаралық үлгідегі диплом иеленуіне, ал оқытушылардың цифрлық құзыреттілікті дамыту мен заманауи білім беру технологиялары бойынша тәжірибе алмасуына кең мүмкіндік береді.