Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің футзал құрамасы ҚР жоғары оқу орындары арасындағы Студенттік Лиганың чемпионы атанды.

Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) спорт кешенінде әйелдер командалары арасында футзалдан Республикалық Студенттік Лига аяқталды.

Жарыстың шешуші кезеңінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрамасы Nazarbayev University командасымен кездесті. Тартысты өткен ойынның негізгі екі таймы 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал матч соңындағы пенальти сериясында QyzPU командасы 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.