Сіздерді айтулы мереке – 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік рәміздер – ел тарихы мен тәуелсіздігінің, бірлігі мен болашағының жарқын көрінісі. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз — біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас негізі, халқымыздың мақтанышы мен ұлттық рухының символы.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, құт-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз. Еліміздің аспаны ашық, егемендігіміз мәңгілік болсын!