Кембридж университетінің Білім беру факультетімен халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында QyzPU докторанттары арнайы ғылыми семинар ұйымдастырады.

Халықаралық басқосу «Қазақстандағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім берудегі өзгерістер: докторлық зерттеулердің нәтижелері» деген тақырыпта өтеді.

Қазіргі уақытта Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Қыздар университетінің докторанттары Диана Амирова, Ақерке Болтабекова және Айман Тургалиева аталған халықаралық жиында өз зерттеулерін таныстырады.

Семинар барысында Диана Амирова жас мұғалімдерді тәлімгерлік қолдау мәселесін ортаға салса, Ақерке Болтабекова мұғалімдерді аттестаттау және оқыту сапасының байланысын қарастырады. Ал Айман Тургалиева ауыл мектептеріндегі мұғалім мен оқушы арасындағы ethical, яғни әдептік, этикалық қарым-қатынастар тақырыбында баяндама жасайды. Докторанттардың ғылыми жетекшісі – доктор Назипа Аюбаева.

  • Семинар формат: онлайн/офлайн
  • Өтетін күні: 11 маусым, 2026 жыл
  • Уақыты: 21:00 (Қазақстан уақыты бойынша)
  • Өтетін жері: University of Cambridge, Faculty of Education