Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) қорытындысы бойынша Қазақстандағы үздік 20 жоғары оқу орнының қатарына еніп, 7 орынды иеленді.
Мұндай сыртқы сараптама – білім беру ұйымындағы оқыту сапасы мен білім беру бағдарламаларының халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін тәуелсіз сарапшылар жан-жақты бағалайтын маңызды үдеріс.
Бұл нәтиже QyzPU-дың білім беру сапасы мен академиялық беделінің жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
