Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай оқу орнының медиа құрылымы мамандарын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

                                     

Кездесу барысында ректор ұжымның университет имиджін қалыптастырудағы жауапкершілігіне тоқталып, берілетін ақпараттың сапасын арттыру қажеттігін айтты. «Университеттің Баспасөз қызметі оқу орнымыздың тыныс-тіршілігін, ғылыми-педагогикалық жетістіктерін жан-жақты насихаттап, білім мен ғылым кеңістігінде танылуына елеулі үлес қосып келеді. Шығармашылық ұжымның бұдан былай да студенттік өмірдің жаршысы ретінде нәтижелі жұмыс атқаратынына  сенімдімін», – деп атап өтті.

                                       

Кездесу барысында Ректор оқу орнының ақпараттық саясатын жүргізуде белсенділік танытқан сала қызметкерлеріне арнайы марапаттар тапсырды.

                                       

 Благодарственным письмом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан Саясата Нурбека были награждены старший менеджер сектора СМИ Жадыра Жаксытаева и трехязычный редактор Аружан Нуржанкызы. Почетная грамота Ректора университета была вручена журналисту, старшему менеджеру сектора SMM Назерке Жасарал. Также Благодарственными письмами руководителя учебного заведения были отмечены видеооператор Нурбол Айтмухамбетов и графический дизайнер Дана Туматай.

                                         

Қазіргі таңда университет ректорының тікелей қолдауымен медиа бөлімінің техникалық базасы жаңартылып, заманауи жаңа студия іске қосылды.

                                         

Жиын соңында ректор медиа кеңістікте және әлеуметтік желілерде университеттің брендін ілгерілетуге бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да белсенді жүргізуді тапсырды.