Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамына арналған спорттық-мәдени тимбилдинг өтті. 

                                      

Табиғат аясында ұйымдастырылған шараға университет басшылығы мен құрылымдық бөлім мамандары қатысты.

                                      

Бағдарлама аясында ұжым арасында командалық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған түрлі спорттық ойындар, эстафеталар мен жарыстар өткізілді. Спорттық сайыстардың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы алғыс хаттар мен ақшалай жүлделер табыс етілді.

                                      

Университет басшылығы мұндай шаралар ұжымның ауызбіршілігін арттыруға және жұмыс процесінен тыс уақытта бейресми байланыс орнатуға септігін тигізетінін атап өтті.