Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы халықаралық Web of Science дерекқорының 2021–2025 жылдардағы мәліметтері негізінде еліміздегі ең көп дәйектелетін ғалымдардың тізімін жариялады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері арасында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ғалымдар:
- Қадырбаева Жазира Мұратбекқызы – «Жаратылыстану ғылымдары. Математика» бағыты бойынша 20-орын;
- Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы – «Әлеуметтік ғылымдар. Білім беру» бағыты бойынша 34-орын;
- Сұлтанқожа Абдуқадырұлы Амитов – «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша 22-орын
Рейтинг ғылыми жарияланымдар мен шолу мақалаларының дәйексөз алу көрсеткіштері негізінде, авторлық үлесті, жарияланымдық белсенділікті және халықаралық ғылыми-метриялық көрсеткіштерді ескере отырып жасалды.
Тізімді құрастыру барысында Web of Science, Scopus, InCites, SciVal және CrossRef дерекқорларының мәліметтері пайдаланылды. Рейтингке әр ғылыми бағыт бойынша ең көп дәйектелетін 100 авторға дейін енгізілді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдарының Қазақстандағы ең көп дәйектелетін зерттеушілер қатарына енуі – жүргізіліп жатқан зерттеулердің жоғары сапасының, олардың халықаралық ғылыми қауымдастықтағы сұранысының және отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесінің айқын дәлелі.
Бұл жетістік университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, жарияланымдық белсенділікті қолдауға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ғылыми саясатының тиімділігін көрсетеді.
Ғалымдарымызды лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа зерттеулер мен халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктер тілейміз!
