Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдегер атанды.

20 шақырымға спорттық жүру бәсекесінде бақ сынаған отандық спортшы 1:41:26 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші болып жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева – жеңіл атлетикадан Қазақстан рекордшысы және Жапонияның Токио қаласында өткен бәсекенің әлем чемпионы.