Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенттері Анель Мадиярова, Назерке Биболат, Бегімай Смах, Айдана Сырымбекқызы және Алтынай Жұмабай халықаралық «Жазғы университет» жобасына қатысып келді.

Студенттер аталған бағдарламаға арнайы іріктеу кезеңінен өту нәтижесінде жолдама алған.

Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жоба 6-19 шілде аралығында Қазан федералдық университеті базасында өтті. Биылғы бағдарламаға әлемнің 25 елінен 360-тан астам студент жиналды.

Академиялық шара аясында жастар халықаралық білім беру кеңістігінде өзара тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру курстарынан өтуіне және әртүрлі елдердің студенттері арасындағы мәдениетаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды.