Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Әділет» партиясының қалалық сайлауалды үгіт-насихат штабының мүшелерімен кездесу өтті.

Оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардың қатысуымен еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен түсіндірілді.

Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор, «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауындағы сенімді өкілі Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы: «Осындай кездесулер қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сайлау ашық әрі әділ бәсеке жағдайында өтуі тиіс. Барлық реформалардың түпкі мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру», – деп атап өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы Айдар Күнтубай, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, қалалық штаб мүшесі Алмат Тұрысбекұлы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Елена Бакарасова, «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Дидарбек Ділдәбек және «MaxMedGlobal» компаниясының директоры Махамбет Асабаев қатысып, партияның мақсат-міндеттері мен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.