Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Riga Nordic University (Латвия) университетінің профессоры Чайко Елена Валерьевна жұмыс сапарымен келді.

Аталған сапар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Riga Nordic University арасында бұрын қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған. Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы серіктестікті нығайтып,  халықаралық жобаларды бірлесе жүзеге асыру және академиялық байланыстарды күшейту мәселелерін талқылады.

Чайко Елена Валерьевна – телекоммуникациялар, жасанды интеллект, цифрлық білім беру, заттар интернеті (IoT), машиналық оқыту және интеллектуалды байланыс желілері бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін халықаралық деңгейдегі ғалым. Сонымен қатар, Erasmus+ бағдарламасы және басқа да еуропалық ғылыми-білім беру жобаларының белсенді қатысушысы.

Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп,

ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу, бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру,  цифрлық білім беру технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.  

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, білім беру мен ғылымның жаһандық кеңістігіне ықпал етіп,  әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жалғастыруда.