Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова университет жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Жұмыс барысында жатақханалардағы студенттерге жасалған жағдай, бөлмелердің жай-күйі, санитариялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шаралары, асханалар мен ортақ пайдаланылатын орындардың дайындығы қаралды.
Ректор жатақханаларды жаңа оқу жылына сапалы әрі уақытылы дайындаудың, студенттер үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі Ахуалдық орталық жұмыс істеп тұр.
Орталық +7 700 950 95 28 және +7 727 237 01 70 нөмірлері арқылы қызмет көрсетуде.
