Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурстық іріктеу жеңімпаздарының тізімін жариялады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің екі оқытушысы аталған іріктеу нәтижесінде шетелдік ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысы бойынша Шетел тілдерін кәсіби даярлау кафедрасының меңгерушісі, PhD Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы 2027 жылдың 19 қаңтар – 18 шілде аралығында Мичиган мемлекеттік университетінде (АҚШ), Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Анарбекова Гүлшат Жұмабайқызы 2027 жылдың 21 қыркүйек – 23 шілде аралығында Ұлыбритания Сассекс университетінде тағылымдамадан өтеді.
Алдағы ғылыми тағылымдама барысында оқытушылар кәсіби және ғылыми әлеуеттерін арттырып, халықаралық тәжірибені меңгеріп, оны білім беру үдерісіне енгізуге үлес қосатын болады.
Әріптестерімізді ғылыми тағылымдама конкурсының жеңімпазы атануларымен құттықтаймыз!
