Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінде «Huawei» IT-академиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы ұйымдастырған шара цифрлық технологиялар саласындағы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Кездесу барысында компания өкілі Темірлан Жақсылықов «Huawei ICT Competition Roadshow 2026–2027» халықаралық байқауының мақсаттары мен қатысу шарттарын егжей-тегжейлі таныстырды.

Еліміздің 48 жоғары оқу орнын қамтитын бұл жыл сайынғы жоба студенттерге АКТ саласының жетекші сарапшыларынан білім алуға, заманауи тәжірибе жинақтауға және халықаралық бастамаларға қатысу арқылы еңбек нарығында қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Кезеңдік таныстырылымнан кейін байқауға ресми түрде тіркелген студенттерге компания атынан арнайы естелік сыйлықтар табысталды.


