Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Парасат мектебі» концепциясы аясында өткен «Парасатты апта» челленджінің қорытындылау және ТОП-10 белсенді студентті марапаттау рәсімі өтті.

Студент қыздардың мәдени, интеллектуалдық әрі тұлғалық дамуын шыңдап, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін жоба Тұлға қалыптастыру департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Апталық аясында қатысушылар арнайы хэштегтер арқылы бес негізгі бағыт бойынша өздерінің белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсеткен болатын.

Жиын барысында Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Думан Жекенов сөз сөйлеп: «Бұл челлендж – университет жастарының бойында жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған бірегей жоба. Студенттердің интеллектуалдық әрі рухани тұрғыдан дамып, парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге қосқан үлесі ерекше», – деп атап өтті.

Салтанатты шара аясында Студенттік Құрылтай төрағасы жастарға ізгі тілегін білдіріп, студенттер поэзиялық шығармалар оқыды. Жоба қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан он студентке арнайы марапаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

