Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде докторанттарға арналған интенсивті ғылыми курс басталды. Семинардың алғашқы күні ғылыми зерттеу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, академиялық бағытты айқындауға және зерттеу жұмысын жүйелі жоспарлауға арналды.

                                                             

Курс барысында ғылыми идеяны қалыптастыру, зерттеу тақырыбын айқындау, академиялық бағытты жоспарлау және ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелі ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бағдарлама ғылыми зерттеу методологиясы, академиялық жазылым, гипотеза құру және зерттеу дизайнын әзірлеу бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеуге, атап айтқанда Scopus және Web of Science базаларындағы ғылыми ресурстарды тиімді пайдалануға, халықаралық ғылыми журналдарға мақала дайындауға басымдық беріледі.

                                                            

Деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи тәсілдері, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын пайдалану және зерттеу нәтижелерін жүйелеу мәселелері де қамтылады. Интенсивті ғылыми курс 21 қыркүйек пен 6 қараша аралығында өтеді.

Ол докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін жетілдіруге, академиялық жазылым дағдыларын дамытуға және зерттеу жұмыстарын заманауи талаптарға сай жүргізуге бағытталған.