Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Парасат мектебі» тұжырымдамасы аясында «Парасат кеңістігі» апталығы басталды.
Апталықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен азаматтық мәдениет қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған тәрбиелік ортаны нығайту.
Жобаның алғашқы іс-шарасы Жаратылыстану факультетінде басталып, «Парасатты ұрпақтың үні» тақырыбына арналды.
Факультет деканы Байташева Гаухар Өмірәліқызы іс-шараның жастардың бойындағы ізгілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын айрықша атап өтті.
Шара барысында студенттер күй өнері арқылы ізгілік, білім, адалдық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, шығармашылық көзқарастары мен азаматтық ұстанымдарын танытты.
Апталық аясында алдағы күндері «Парасаттылық неден басталады?» тренингі, «Құрылтай феномені» кітабы бойынша флешбук, «Парасатты поэзия» әдеби-мәдени шарасы және «1 күн – 1 ізгі іс» акциясы ұйымдастырылады.
Апталық студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға, ізгілік пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
«Парасат кеңістігі» бағдарламасы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жалғасады.
