Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Халықаралық рейтингтер: негізгі көрсеткіштер және оларды қалыптастырудағы факультеттің рөлі» тақырыбында семинар өтті.

                                                             

Іс-шараның мақсаты – университеттің халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін арттыру және факультеттің стратегиялық көрсеткіштерді қалыптастырудағы үлесін күшейту.

                                                             

Педагогика және психология факультеті ұйымдастырған семинарда халықаралық рейтингтік позицияларына әсер ететін негізгі факторлар мен бұл бағыттағы факультеттің рөлі кеңінен айтылды.

                                                            

Семинарда оқытушылардың халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялауын көбейту, оларға сілтеме жасалу деңгейін арттыру және ғылыми зерттеу белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар халықаралық академиялық ортада және серіктес жұмыс берушілер арасында университеттің беделін нығайту, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту жолдары қарастырылды.

                                                             

Кездесу соңында қатысушылар факультеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған стратегиялық жұмыс жоспарлары бойынша пікір алмасты.