АЛМАТЫ. 17 мамыр. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 10 – 16 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

11.05.2021

– Инфо-дайджест: 2021 жылғы 2 – 7 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

12.05.2021

– «ҚызПУ-дың танымал ғалымдары»: Жарқынбике Сүлейменова. Жарқынбике Сүлейменова – филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның 200-ге жуық ғылыми жұмысы жарық көрген. Оның ішінде монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, сөздіктер және ғылыми мақалалар бар.

*****

– Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2020 жылы төмен нәтиже көрсеткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің институттары.

*****

– «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жиын өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне арналған басқосуға қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

 

13.05.2021

– Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа ауысты. ҰБТ нәтижелерімен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

*****

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуды Кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев ашып, отырыстың күн тәртібін жария етті.

*****

– «ҚызПУ-дың жас ғалымдары»: Мөлдір Абдраимова. Мөлдір Абдраимова – PhD, Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы, Қазақстан жас педагог-ғалымдар Қауымдастығының төрайымы. Жас ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 50-ге жуық ғылыми мақаласы жарық көрген. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі комитетінің бекітілуімен ұсынылған журналдарға 16 мақала, SCOPUS базасында 8 мақала, Thomson reutors базасында 2 ғылыми мақала, ғылыми шетелдік басылымдарда 5 мақала, халықаралық және отандық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында 15 мақаласы жарияланған.

 

14.05.2021

– Талапкер – 2021: Педагогика және психология жоғары мектебі.

*****

– Талапкер – 2021: Филология институты.

*****

– Талапкер – 2021: Тарих және шетел тілдері институты.

 

15.05.2021

– Талапкер – 2021: Жаратылыстану институты.

*****

– Талапкер – 2021: Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебі.

*****

– Талапкер – 2021: Өнер және менеджмент институты.

 

16.05.2021

– Қыздар университетін таңдаудағы 8 басты себеп.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com