Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология факультетінде профессор-оқытушылар құрамымен халықаралық рейтингтер мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті.

Шараның мақсаты – оқытушыларды халықаралық рейтинг талаптарымен таныстыру, факультеттің ғылыми-зерттеу көрсеткіштерін талқылау және университеттің академиялық қызметін осы бағытта үйлестіру.

Іс-шараға Стратегиялық даму және сапа департаментінің директоры Нұрболат Жарылқасынұлы мен Стратегиялық даму бөлімінің басшысы Айгерім Куандықовна қатысып, жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі позициясын айқындайтын негізгі көрсеткіштер мен бағалау тетіктерін түсіндірді.

Кездесуде, әсіресе, QS World University Rankings рейтингінің бағалау критерийлері, QS сарапшыларының қызметі және университеттің академиялық беделін арттыруға ықпал ететін факторлар жан-жақты баяндалды. Жиын барысында университеттің қазіргі көрсеткіштері өзге жоғары оқу орындарының нәтижелерімен салыстырмалы түрде талданып, оларды жақсартудың басты бағыттары айқындалды. Сонымен бірге профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымдары, дәйексөз көрсеткіштері, халықаралық ғылыми ынтымақтастығы мен академиялық байланыстарының рейтингке тигізетін әсері қарастырылды.

Кездесу профессор-оқытушылар құрамын халықаралық рейтинг критерийлерімен таныстыруға және факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысын бағыттауға арналды.
