Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Химия кафедрасына профессор Мұхаметқали Матаевтың ғылыми жобасы аясында SRMIST Үндістан профессоры Кришнамурти Рамачандран шақырылған профессор ретінде бір айлық ғылыми сапармен келді.

                                                          

Ғылыми сапар аясында үндістандық профессор университеттің бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алушыларына дәрістер мен семинарлар топтамасын өткізді.

                                                                

Шетелдік ғалым наноқосылыстардың құрылымдық ерекшеліктері мен физика-химиялық сипаттамалары, оларды синтездеу әдістері, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді жоспарлау, эксперименттік деректерді талдау және ғылыми тұжырымдар қалыптастыру мәселелерін кеңінен қамтыды.

                                                                 

Профессор халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, жас зерттеушілермен осы бағыттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.