Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының (UNASTW) Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған жиынға түркі мемлекеттерінің ғылым академияларының басшылары, академиктер, жас ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Отырыста Түркия ғылым академиясының (TÜBA) 2025–2026 жылдардағы UNASTW төрағалығы кезеңіндегі қызметі туралы есебі тыңдалып, одақ төрағалығын Түркия ғылым академиясынан Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына беру рәсімі өтті.

Сонымен қатар түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты нығайту және бірлескен зерттеулерді дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Халықаралық басқосу түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға бағытталды.

