Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Woman in Tech жаһандық қозғалысының негізін қалаушы әрі президенті Аюми Мур Аоки бастаған халықаралық делегациямен кездесу өтті.

                                                          

Кездесу қорытындысында университет атынан Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ал Woman in Tech атынан Қазақстандағы директоры Әсем Болатжан ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

                                                               

Құжат цифрлық дағдыларды дамытуға, студент қыздардың IT және STEM салаларындағы әлеуетін арттыруға, бірлескен ғылыми жобалар мен IT-стартаптарды қолдауға, сондай-ақ жастар көшбасшылығын дамытуға бағытталған. Кездесуге Сингапур, Марокко, Моңғолия және Қазақстаннан келген ұйым өкілдері де қатысты.