Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және Алматы қаласындағы Ресей үйінің ұйымдастыруымен «Әдеби саяхаттар» ағартушылық бағдарламасы өтті. Кездесуге студенттер, оқытушылар және заманауи сөз өнері мен цифрлық өзгерістерге қызығушылық танытушылар қатысты.

Шараның мақсаты – студенттерді заманауи әдеби үдерістермен, кітап басып шығару ісіндегі цифрлық өзгерістермен таныстыру және болашақ филолог-педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету

Басқосуды орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бағлан Базылова мен Алматы қаласындағы Ресей үйінің басшысы Мария Симакова ашып, кәсіби маман даярлаудағы мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Шара аясында Ресей Жазушылар одағы Басқармасының бірінші хатшысы, әдеби продюсер Сергей Чекмаев «2030 жылы сөреге не қойылады: болашақ кітаптары» тақырыбында дәріс оқып, цифрлық ортаның баспа ісіне тигізетін әсерін талдады. Ал PULSART баспасының жобалық директоры, жазушы Денис Килесов «Алгоритмдер дәуіріндегі жазушы» тақырыбында баяндама жасап, заманауи мультимедиялық форматтар мен авторлық рөлдің өзгеру мәселелерін қарастырды.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар кітап нарығы мен әдеби үдерістердің өзекті тенденциялары бойынша пікір алмасып, болашақ педагогикалық қызметке қажетті практикaлық бағдарлар алды.


